Фото: Freepik.
Қазіргі таңда Әйтеке би кенті – Арал қаласы аралығындағы республикалық маңызы бар KAZ06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автомобиль жолының іріктелген 10 км учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – жергілікті «Арал Құрылыс» ЖШС.
Жөндеу барысында жолдың жер төсемі қазылып, жол жабыны қайта қалпына келтірілуде. Қазіргі кезде көлік қозғалысы уақытша айналма жол арқылы ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, жолдың техникалық жағдайына байланысты км 1402–1433 аралығындағы 31 км учаскеде ақы алу уақытша тоқтатылған.
