Kyzylorda-news.kz. Республика аумағындағы өтіп жатқан «Қарасора-2021» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында  ағымдағы жылдың Арал ауданы Жеңішкеқұм ауылынан 100 шақырым жердегі есірткі алқабынан Қызылорда қаласының 35 және 58 жастағы тұрғындары 2479 түп сора өсімдігін өсіріп баптағаны үшін қылмыс үстінде айғақты заттарымен қоса құрықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерін азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсеткен Қызылорда қаласының 39 және 42 жастағы тұрғындары, яғни қылмыстық топ басшыларының қылмыстық іс-әрекеттері дәлелденіп, топ басшылары уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Тағы да оқыңыз: