Kyzylorda-news.kz. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен актив отырысы өткізілді. Аудан басшысы күн тәртібіндегі негізгі мәселе – құқық қорғау органдарындағы кадрлық өзгерістерді таныстыстыру мақсатында бас қосып отырғандығын мәлімдеді.

Жиында сөз алған Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Айтбайұлы Арал ауданына тағайындалған жаңа прокурор Бекпанов Мадияр Ертарғынұлын таныстырды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов жаңа басшыны қызметімен құттықтап, бұл саланың маңыздылығына тоқтала келе алда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғандығын және үлкен жауапкершілік қажет екендігін айтты.
Жиын соңында аудан басшысы ауданның прокуроры Мадияр Ертарғынұлының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Бекпанов Мадияр Ертарғынұлы 1980 жылы 7 тамызда Арал ауданы, Октябрь ауылдық округінде дүниеге келген. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

2003-2007 ж.ж. Қазалы ауданы прокурорының көмекшісі;

2007-2007 ж.ж. Қазалы ауданы прокурорының аға көмекшісі;

02007-02008 ж.ж. Қызылорда облыстық прокуратурасының анықтау және тергеу заңдылығын қадағалау бойынша Басқармасының прокуроры;

2008-2015 ж.ж. Қазалы ауданы прокурорының орынбасары;

2015-2017 ж.ж. Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары;

2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін Жалағаш ауданының прокуроры қызметін атқарып келді.

Тағы да оқыңыз: