Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы тұрғынынан заңсыз қару алынды.

Рейдттік іс-шаралар барысында 10 мамыр күні сағат 11:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы 50 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағанын анықтады.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Тағы да оқыңыз: