Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президенттінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындары үшін кезекті жеке қабылдауын өткізді. Онда аудан әкімі тұрғындарының өтініш-сұрақтарын тыңдады, шешімін табуға көмегін тигізді.
Қабылдауға келгендердің басым бөлігі әлеуметтік ахуал яғни жұмысқа орналасу туралы қозғаса, кейбірі жер, ономостикалық мәселер бойынша жүгінді.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталды. Алдымен көше атауын беру туралы Арал қаласында атауға және қайта атауға жататын көшелердің жоқ екендігі туралы түсіндірді. Тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.
Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ауданның әрбір тұрғындары тарапынан айтылған мәселелерді мұқият тыңдаған аудан басшысы заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сонымен қатар, тиісті сала мамандарымен бірге зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Сондай-ақ, айтылған барлық мәселелер шешімін тапқанша өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.
