Фото: ТЖД

Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылдық округінің тұсында Батыс Европа-Батыс Қытай жолында көлік апаты орын алды.

Белгілі болғандай 3 бірдей Mercede-benz маркалы жүк көлігі мен Daewoo-nexia маркалы жеңіл автокөлігі ауа райының қолайсыздығынан жол апатына ұшырайды.

Жеңіл автокөлік ішінде болған 4 адам әр түрлі жарақат алған. Осы уақытта Арал ауданына қарай бет алған Қамыстыбас станциясы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Ербол Утарбаев жұмыстан тыс уақыт болғанына қарамастан зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсеткен. 

«Оқиға орнына қосымша күш келіп, құтқару бөлімшесінің медбикесі Асия Базарбаева апаттан зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жақын орналасқан Қамбаш елді мекеніндегі аудандық ауруханаға Қамыстыбас станциясы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Ербол Утарбаев жеке көлігімен жеткізілген. Қазіргі таңда 5 адам дәрігерлердің жіті қарауында. Ал жол көлік оқиғасынан аударылып қалған 3 бірдей Mercede- benz маркалы жүк көлігінің жүргізушілері дін аман. Көліктерін тұрғызу үшін қосымша көмек күтуде», - делінген Қызылорда облысы ТЖ департаментінің таратқан хабарламасында. 

 

Тағы да оқыңыз: