Kyzylotda-news. Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентінде “Қарапайым заттар экономикасы” яғни Қазақстанда жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы іске асырылуда.
Бағдарлама аясында “Аралтұз-АҚ” заводынан тағы да бір жаңа цехтың іргесі қаланды. Жоба жүзеге асырылған жағдайда қосымша 250-300 жұмыс орны ашылмақ. Бұл-кентте жұмыссыздар санын одан әрі азайтуға өз септігін тигізеді деген сөз.
Сонымен қатар, сырттан келіп вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшы-қызметкерлер үшін кент орталығынан “Аралтұз-АҚ”- на қарасты жаңа қонақ үйінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.