Kyzylorda-news.kz  Президенттің туристік аймақтарды дамыту және ретке келтіру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Арал ауданы бойынша бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі ауданның жұмысшы тобымен бірлесе отырып, жол бойындағы сервистік қызмет көрсету нысандарына кешенді рейдтік шара ұйымдастырды.

Рейд құрамында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, Полиция, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Туризм, Кәсіпкерлік және Архитектура бөлімдерінің мамандары болды. Тексеру барысында 555, 444, Qazaq Oil, Rabiya, Айжұлдыз, Gasenergy, Шымкент, Саяхат секілді бірқатар нысандардың қызмет көрсету сапасы мен сыртқы келбетіне назар аударылды.

Шара барысында нысандардың аумағын таза ұстау, архитектуралық қасбетін заманауи талапқа сәйкестендіру, санитариялық тораптардың жағдайын дұрыстау сынды мәселелер бойынша ескертулер беріліп, тиісті уақыт ішінде ретке келтіру міндеттелді. Сонымен қатар, Аралқұм ауылдық округіндегі жол бойындағы сауда орындары тексеріліп, заңсыз сауданың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстар аудан аумағындағы сервистік қызмет сапасын арттыруға, туристер мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Алдағы уақытта да мұндай рейдтер жалғасып, талапқа сай келмейтін нысандар бойынша шаралар қабылданатын болады.

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Тағы да оқыңыз: