Kyzylorda-news.kz. «Су – тіршілік көзі» деп бекер айтпаса керек. Расымен де, күнделікті тіршілігімізді сусыз елестету тіпті мүмкін емес. Дегенмен, бүгінде су әлемдік маңызы бар мәселеге айналды. Оның басты себептерінің бірі – су ресурстарының тапшылығы мен су ресурстарын пайдаланудың шамадан тыс артуы болып отыр. Сондай-ақ дүниежүзілік су қорларының ластануы да түйткілді мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан да, алдағы уақытта ауыз су қадірін біліп, оны үнемдеп пайдалануды қолға алғанымыз жөн.
Осы мақсатта, Арал ауданында бірқатар жұмыстар қолға алынып, бүгінде сол жұмыстардың бірқатарын ел игілігін көрмек. Атап айтсақ, Биыл Арал ауданы орталығының батыс беткейінде орналасқан «Арал-1» су ұңғымасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бұрғылау жұмыстары бастау алған болатын. Ендігі кезекте бұл жобаның қазу жұмыстары толықтай дерлік аяқталып, өңір игілігіне пайдалануға берілді. Негізінен атаулы ұңғыма ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ, малға арналған жайылымдық жерлерді суландыру және мал суаттарымен қамтамасыз ету үшін өте тиімді.
Су ұңғымасының тереңдігі 430 метрді құрайды. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «PRIDE LTD» ЖШС-і жүргізген.

