Kyzylorda-news.kz 16-17 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысы делегациясының Арал ауданына жұмыс сапары жоспарлануда. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстары, Шымкент, Алматы, Астана, Шымкент қалалары және де «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде өңірлерде оқып жатқан ауыл жастары қатарындағы түлектер шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысады.
Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
Қоныс аударғаннан кейін комиссия отырысына қажетті құжаттарды өткізіп, оң шешім алғаннан соң бағдарлама қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек (көшуге материалдық көмек жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін) беріледі.
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі айдан көп емес (тұрғын үй алғанға дейін) ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде (73 840 тенге);
- отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде (92 300 тенге);
- отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді (110 760 тенге).
2)ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
-бір адам үшін 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде;
-отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК (66 456 теңге) мөлшерінде;
-отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК (77 532 теңге) мөлшерінде төленеді.
Тұрғын үйді сатып алуға – 50% экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі (1160 АЕК- тен (4 282 720 тг) аспайтын сомада).
Фото: ortcom.kz