Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы жеңісі саналатын Семей полигонының жабылуы – жаһандық маңызы зор жетістігіміз. Ендеше, айтулы датаны атап өту, өткен тарих беттерін жадымызда сақтау бәріміздің борышымыз.
Осы орайда, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай Арал ауданында Семей сынақ полигонында Отан алдындағы борышын өтеген ардагерлермен кездесу өтті.
Келелі кездесуге аудан әкімінің орынбасары Кете-Төлеби Бержанов қатысып, 40 жыл бойы аса қуатты қарудың жүздеген сынақтарын бастан кешірген Семей өңірінің экологиялық жағдайын айта келе, күллі адамзат баласына зор қауіп төндірген полигон зардаптарын болдырмау бағытындағы қажырлы еңбек еткен ардагерлер қауымына алғысын білдірді..
Одан әрі ардагерлер тарих парағына өшпестей із қалдырған ядролық сынақ зардаптарынан сыр тартып, ажал отын шашқан полигонды жабу мақсатында «Невада-Семей» ядролық жарылыстарға қарсы халықаралық ұйымының атқарған рөліне тоқталды.
Шара аясында қоғамдық қозғалысқа қатысқан ардагерлерге Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толуына орай аудан әкімінің және «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушысы хатшысының «Алғыс хаты» табысталды.
