Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы әкімінің орынбасары Кете-Төлеби Бержанов кент және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жиын өткізіп, онда бірқатар мәселелерді көтерді. 

Алғашқы мәселе аудан бойынша жаңа жұмыс орындарын құрудың орындалуы туралы болды. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары бұл мәселенің өз деңгейінде орындалмай жатқандығын жеткізіп, бұл көрсеткіш төмен деңгейді көрсеткен бірқатар ауылдық округтерді атап өтті.

Жиын барысында көтерілген кезекті мәселе мерзімді әскерге шақыру және аттандыру болды. Алғаш болып аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Бауыржан Қуатов сөз алып, аудандағы ахуалды баяндады. Соған сәйкес ауданда 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдар 3875-ті құраса, осы уақытқа дейін шекара қызметіне 21 азамат, қарулы күштер командасына 35 азамат жіберілген. Ал әзірге әскерге бірде бір азамат аттандырмаған ауылдық округтер қатарында Бөген, Қамыстысбас, Қосаман, Қосжар, Беларан, Сазды бар. Сонымен қатар ол қазіргі таңда мобильді топтың үгіт-насихат жұмыстарын жасап жатқанын атап өтті. 

Басқосуда көтерілген кезекті мәселе міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру мәселесі болды. Аудан әкімінің орынбасары қала, кент, ауылдық округтерде әлі де сақтандырылмаған тұрығндар саны көп екендігіне тоқталып, балықшылар мен ауыл шаруышылығымен айналысатын шаруаларды сақтандыру керек екендігін ескертті. 

Мұнымен бірге жиында қозғалған мәселелердің өзекті екендігін айтып, ауылдық округ әкімдерін бірлесіп, жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Арал2.jpg

Тағы да оқыңыз: