Kyzylorda-news.kz.  Биылғы жылы Арал ауданында 616 азамат өз кәсіпкерлігін ашып, жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6654 бірлікке жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 42,4 пайызға өсім көрсеткен. Олардың ішінде  жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6317 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 47,9 пайызға артып отыр.

Сондай-ақ, аралдықтардың 8 908 шағын және орта кәсіпкерлікке жұмыспен қамтылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға өскен. 

– Айта кету қажет, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің өсу динамикасында облыс бойынша бірінші орында тұрмыз.  Бұл өсім негізінен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асып жатқандығын білдіреді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы аудан бойынша кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында әрбір қала, кент және ауылдық округ бөлінісіндегі іске асырылуы жоспарланған жобалар тізімі бекітіліп, ол бойынша тұрақты түрде жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда аудан бойынша жалпы құны 5 631,3 млн. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 369 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын 42 жоба іске қосылады деп жоспарланған болса, оның ішінде 273,8 млн теңгенің 10 жобасы іске қосылып 33 адамды жұмыспен қамтып отыр, - дейді бөлім басшысы Ринат Жанаев

Сондай-ақ, ауданның бөлшек және көтерме сауда көлемі жыл сайын артып келеді. Жыл басынан бері аудандағы бөлшек сауданың көлемі 4,1 млрд. теңгеге жетіп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,1 пайызға артқан. Бұл көрсеткіштің артуы ауданымызда сауда және қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келе жатқандығын білдіреді. Ағымдағы жылдың өзінде мемлекеттік бағдарламалар аясында айналым қаражатын толтыруға ауданымыз бойынша 26 кәсіпкер 335,9 млн теңге көлемінде төмендетілген несие қаражатын алды.
– Арал ауданында өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 8,9 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 109,2 пайызға артқан. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 6,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6 пайызға өсім көрсетті. Ағымдағы жылы ауданда өнеркәсіп көлемін ұлғайту бойынша 308 млн теңгені құрайтын 35 адамды жұмыспен қамтитын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде. Олар: «Арал теңізі» Қоғамдық қорының «Полимер қалдықтардан құмды-полимер плиткасын өндіру» жобасы 88 млн.тг, «Aral Sea Food» ЖШС – нің «Балық қалдықтарын қайта өңдеу цехын салу» жобасы 200 млн.тг және Жеке кәсіпкер Жалғасбаев Нұржанның «Жақсықылыш кентінде құс фермасын кеңейту» жобасы 20 млн теңге. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда ауданға қосымша 308 млн теңге инвестиция тартылып, өндірілетін өнімдер көлемі артатын болады, - деп түсіндірді Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ринат Жанаев.

Бүгінгі күнге  Аралдың негізгі капиталына 4,9 млрд.теңге инвестиция салынып, өткен жылмен салыстырғанда 288,8 пайызға өскен. 2022 жылы ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 16,7 млрд.теңгені құрап алдыңғы жылмен салыстырғанда 102,1 пайызға орындалған болатын. Биылғы жылы көрсеткіш бойынша оң нәтиже қалыптастыру мақсатында 21,2 млрд.тг инвестиция тарту межеленіп отыр. Оның ішінде 11,8 млрд.теңгесі яғни 55,8% пайызы  жеке инвестиция.

Оның ішінде негізгі үлес: Кәсіпорындар арқылы – 6,7млрд.тг,  Жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша – 3,0млрд.тг, Кәсіпкерлік нысандар арқылы – 1,5 млрд. теңге.  Бұдан бөлек инвестиция көлеміне жеке сектордан қосымша резевтер іздестіру бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Сондай-ақ,  «2021-2025 жылдарға арналған Индустриялық дамытудың тұжырымдамасы» аясында жалпы құны 168,7 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1303 адамды жұмыспен қамтитын 9 жоба енгізілген болса, оның ішіндегі жалпы құны 3,6 млрд.  теңге болатын 2 жоба іске қосылып,  268 азаматты жұмыспен қамтыды. Олар:  «Ас тұзын өндіру бойынша ІІІ-испан цехын салу жобасы». Жоба бастамашысы - «Аралтұз» АҚ, Жоба құны -2,9 млрд.тг, Жұмыспен қамтылғандар саны – 210, «Кварц құмын байыту байыту бойынша тау-кен комбинатының құрылысы жобасы». Жоба бастамашысы – Aral Quartz ЖШС, Жоба құны – 780 млн.тг, Жұмыспен қамтылғандар саны – 58 адам, ал, қалған құны 165,1 млрд. теңге болатын, іске қосылғанда  1035 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба іске асырылу сатысында.

– Бұдан бөлек бірыңғай индустрияландыру картасына қосымша жалпы құны 7,2 млрд. теңге болатын, іске қосылғанда 453 азаматты жұмыспен қамтитын 5 жобаны енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Қап шығару» жобасы. Жоба бастамашысы - «Арал Полимер» ЖШС; Жоба құны – 4 млрд. теңге; Жұмыс орындары – 323 адам (ҚР индустриялық-инновациялық даму министрлігіне жолданды). Сондай-ақ, «Құрғақ құрылыс ұнтақтарын өндіру» жобасы. Жоба бастамашысы - «Aral Quartz» ЖШС; Жоба құны – 2,7 млрд. теңге; Жұмыс орындары – 73 адам (Құжаттар легі жинақталуда (қайта даярлануда). Және «Мал бордақылау алаңы және шұжық өндіру цехін ашу» жобасы Жоба бастамашысы - дара кәсіпкер «Алпысбаев Ықылас»; Жоба құны - 336 млн. теңге; Жұмыс орындары – 28 адам (Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу ережесінің 5-қосымшасына сәйкес бизнес жоспар қайта даярлануда).Осыған қоса, «Профлист өндірісін ашу» жобасы Жоба бастамашысы - «Аван құрылыс» ЖШС; Жоба құны - 225 млн. теңге; Жұмыс орындары – 15 адам (Құжаттар легі жинақталуда). Тағы, «Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, төсеме тастар (брусчатка) өндірісі» жобасы. Жоба бастамашысы - «Арал теңізі» қоғамдық қоры; Жоба құны – 88 млн. теңге; Жұмыс орындары – 14 адам (Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу ережесінің 5-қосымшасына сәйкес бизнес жоспар қайта даярлануда). Жоғарыда баяндалған жобалардың іске асырылуы ауданның эконимикасының ғана емес әлеуметтік жағынан да, яғни жаңа жұмыс орындарының құрылуы, аудан тұрғындарының әлеуетін арттыруға орасан зор әсерін тигізетін болады, - деді ол.

Индустриялық аймақты дамыту және жаңа жобаларды орналастыру бойынша Арал қаласының солтүстік-шығыс бетінде орналасқан «Республикалық маңызы бар №1 индустриялық аймақтың» жалпы жер көлемі – 16 гектар, жобаларға табысталған жер көлемі – 6 гектар, ағымдағы жылы аймақты кеңейту және алдағы уақытта қосымша жобаларты орналастыру мақсатында қосымша 10 гектар жер телімі табысталған. Қазіргі таңда Арал ауданының индустриялық аймағында жалпы құны 3 239,8 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске асыру жоспарланған. Бұдан бөлек «Индустриялық аймақта» жалпы құны – 4 561 млн теңге болатын 3 жобаны орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Олар:  «Арал полимер» ЖШС-нің «Полипропилен қап шығару» жобасы – жоба құны 4,0 млрд.теңге, жұмыс орындары – 323 адам, Дара кәсіпкер Алпысбаев Ықыластың «Мал бордақылау алаңы және шұжық өндіру цехі» жобасы – жоба құны 336 млн.теңге, жұмыс орындары – 28 адам, «Аван құрылыс» ЖШС-нің «Профлист өндірісін ашу» жобасы – жоба құны 225,0 млн.теңге, жұмыс орындары – 15 адам.

2022 жыл қортындысы бойынша кәсібін кеңейту мақсатында аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 1910,7 млн. теңгенің 142 жобасы несиелендірілген болса, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 1153,8 млн. теңгенің 111 жобасы несиелендірілді. Оның ішінде: «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 185,6 млн. теңгені 33 жобасы, Мал шаруашылығын дамыту: 22 жоба, Арнайы тезника сатып алу: 3 жоба, Қоғамдық тамақтану орталығын ашу: 1 жоба, Балық шаруашылығы: 1 жоба, Бөлшек сауда: 1 жоба, Көлік жөндеу орталығын ашу: 1 жоба, Билиард ойын арталығын ашу: 1 жоба, Етік шеберханасын ашу: 1 жоба, Құс фермасын кеңейту: 1 жоба, Жеке мектеп құрылысын аяқтау: 1 жоба; «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны  192 млн. теңгенің 30 жобасы. Мал шаруашылығын дамыту: 26 жоба, Фото салон ашу: 1 жоба, Арнайы техника сатып алу: 3 жоба;  «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 560,9 млн. тенгенің 31 жобасы; Арнайы құрал жабдық сатып алу: 3 жоба, Сауда үйі құрылысы: 2 жоба, Айналым қаражатын толықтыру: 26 жоба; «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы құны  215,3 млн. теңгенің 17 жобасы. Мал шаруашылығын дамыту: 16 жоба, Арнайы техника сатып алу: 1 жоба

Сондай-ақ, жалпы құны 178,3 млн. теңгенің 19 жобасы қаржы ұйымдарымен мақұлданды. Оның ішінде: «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны  70 млн. теңгені 8 жобасы; «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны9,7 млн. теңгенің 2 жобасы.«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 35 млн. тенгенің 3 жобасы; «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы құны  63,6 млн. теңгенің 6 жобасы;  

Бұл жобалардың 12-сі мал шаруашылығын дамытуға, 2-уі қоғамдық тамақтану орталығы ашуға, 1 жоба сауда орталығын ашуға, 1 балалар ойын-сауық орталығын салу , 3 айналым қаражатын толықтыруға бағытталған.

Тағы да оқыңыз: