Kyzylorda-news.kz. Бүгін Арал аудандық мәдениет үйінде «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбында ерекше балалардың өнер фестивалі өтті. 

Аудандағы ерекше балаларды өнерге тарту, олардың өнерлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара «Балалар жылы» мен Арал қаласының 95 жылдық мерекесіне орай өткізілді.

Мерекелік шараға келген қонақтар ең алдымен мәдениет үйінің фойесінде ерекше балалардың әзірлеген бұйымдары қойылған көрмені тамашалады. Көрмеге балалардың қолынан шыққан түрлі тұрмысқа қажетті құралдар мен көрнекілік бұйымдар қойылды.

Аталған шарада Арал аудандық мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігінің күндізгі жартылай стационар бөлімінің және үйден әлеуметтік қызмет алатын бүлдіршіндер өнер көрсетті. Әсем ән шырқап, би билеп, қазақ ертегілерінен үзінді қойылым қойған қатысушылар көрермендерге айрықша көңіл күй сыйлады. Кеш соңында өнер көрсеткен балаларға аудан кәсіпкерлері мен демеушілер тарапынан түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қайсар жандардың мерекесіне орай Қазалы ауданында «Пейілі кең, жүрегі қайсар жандар» атты шарасы өткенін хабарлаған болатынбыз. 

Айта кетейік, елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні.

корме.jpgбала.jpgбала1.jpgбала2.jpg

Тағы да оқыңыз: