Kyzylorda-news.kz Статистика Үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Жүздеген жыл ішінде Қазақстанның бұл жүйесі халықаралық талаптарға сай өзгерді. Заманауи технологиялар енгізіліп, жұмысы нақтылана түсті. Қазіргі уақытта статистикалық ақпараттарды жинау және өңдеу барысында жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың қолжетімділігі артты. Осы ретте 2024 жылдың алғашқы жартыжылдық есебінде қай салада болмасын өсім бар. Мұның бәрі – барша сала мамандарының бірлесіп жасаған жұмысының нәтижесі. Бұл туралы Арал аудандық статистика бөлімінің басшысы Еламан Қапанов хабарлайды.
Мемлекетіміздің басты капиталы – ел азаматтары. Сондықтан олардың әрқайсысы мемлекетіміз үшін қымбат. Нақты айтар болсақ, статистикалық мәліметтер бойынша, Арал аудан халқы 2024 жылдың 1 маусымына 79 216 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш облыс аудандары арасында халық саны жөнінен Жаңақорған, Шиелі және Қазалы аудандарынан кейінгі нәтиже болып саналады. Ал аймақ тұрғындарының жалпы саны 844 480 адамды құрап отыр. Ашып айтар болсақ, аудандағы тұрғындардың 37 275-і қала тұрғыны. Қалғаны ауылдық жерлерде тұрады. Халықтың 40 628-ін ерлер, 38 588-ін әйелдер құрайды.
Арал уданның даму көрсеткішінде бірінші кезекте өнеркәсіп саласы тұр деуге болады. Өнім өндіріп, оны экспортқа шығарып келе жатқан кәсіпорындар 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 16 354 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылы өндірілген өнім көлеміне қарағанда нақты көлем индексімен 114,7 пайызға орындалғанын байқауға болады. Бұл ретте ауданның сыртқы нарыққа шығатын басты өнімдері ретінде йодталған ас тұзы, балық пен кварц құмы және тепловоздар мен жабдықтарды жөндеужұмыстарының қайсысы болса да өсімге ие болды.
– Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі саласында да даму байқалады. Қаңтар-маусым айларында жалпы 11 584 млн. теңгенің өнімі өңделіп шығарылса, бұл нақты көлем индексі арқылы өткен жылмен салыстырғанда 119,8% өсімді көрсетеді.
Меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылдың 1 шілдесіне барлығы 525 болса, оның ішінде, жұмыс істейтіндер – 462, қызметін уақытша тоқтатқандар – 112, ал таратылу процесінде 2 нысан бар.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 5377,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,8 пайызға өсті. Тауар айналымы жалпы көлемінің негізгі пайызын саудамен айналысатын кәсіпорындар мен жанар-жағармай өнімдерін сататын кәсіпкерлер құрайды.
Тағы бір басты қозғаушы саланың бірі – инвестиция, құрылыс саласы екені жасырын емес. Ауданымызда да инвестиция, құрылыс жұмысы жоспарлы түрде жоғарғы деңгейде іске асып келеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі толықтай игеріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6 пайызға артық орындалған. Қаржыландыру көздері бойынша бөлінген барлық қаражат тиісті бағытта мақсатты жұмсалды. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі де 110,5 пайызға артығымен орындалды. Көрсеткіште қаладағы жаңа көпір құрылысы, Аққұлақ, Жаңақұрылыс, Аралқұм, Бекбауыл ауылдарындағы жол құрылысы және Сексеуіл кентіндегі газ жүргізу жұмыстары есептелген.
Алғашқы жартыжылдықта аудан көлемінде жалпы 14 499 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105 пайызға артық орындалып отыр. Осылайша аудандағы басты мәселенің бірі өз шешімін тауып келеді.
Ауданымыздың басты кәсібі ауыл, орман және балық шаруашылығында да өсім бар. Нақты қолданыстағы бағамен 3 777,9 млн. теңге өнім өндіріліп, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,8 пайызға артық орындалып отыр.Мал шаруашылығында айтарлық өсім тіркелді. Оның ішінде, ірі қара мал саны 47 516 бас болса, түйе – 37 534 бас, жылқы – 61 401 бас, Шопан ата тұқымы – 37 504 бас және ешкі малы 65 239 бас тіркелді. Үй құстарының саны 4500-ке жетіп отыр. Төрт түліктің ішінде ең кемі жылқы малы 2% өсім алса, қой тұқымы 19,6 пайызға өсім алған.
Аудан бойынша 5247 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде, 303 шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғасы тіркелсе, 3874-ін жеке кәсіпкерлер құрайды. Шаруа немесе фермер қожалықтарының саны 1070-ке жетіп отыр.
Биылғы жылдың 6 айлық есептік көрсеткішінде сандар осылай сөйлеп отыр. Алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші бұдан да жоғары нәтижелерді көрсетеді деп сенеміз, – деді Еламан Қапанов.