Kyzylorda-news.kz Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың қатысуымен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 37 сессиясы өтті.

Оған аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселелерді ортаға салды. Сессияда алдымен аудан халқын ауыз сумен қамту жұмыстары туралы және аудандағы әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы туралы аудан әкімінің орынбасары Ш.Есжанов хабарлама жасады.

Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов «Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №388 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Арал аудандық мәслихатының депутаты Ш.Жангушикованың депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы қысқаша хабарлады.

Жиын барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жыл көлемінде ауданда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы міндеттерді нақтылады. Ортақ мүдде жолындағы барлық істе халық қалаулылары да бірге болып, ел игілігіне қызмет етуге шақырды.

Тағы да оқыңыз: