Kyzylorda-news.kz. Арал аудандық Аналар кеңесiнiң мүшелерi биылғы жылдың қорытынды кездесуін ɵткiзiп, кеңестің атқарған жұмыстары бойынша талдау жасады.
Келер жылға кеңестің алға қойған жоспарын талқылады. Кездесуге қатысушы аналар, қыз-келіншектер, жалпы кеңес мүшелері қазiргi уақытта ɵзектi болып табылатын зорлық-зомбылық, отбасы мəселелерiне байланысты орамды ойларын айтып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Айта кету керек, Арал аудандық Аналар кеңесi жұмысын өткен жылдың наурыз айында бастады. Осы уақытқа дейiн аналар кеңесінің ұйымдастыруымен 24 түрлi іс-шара, 18 кездесу, 12 қайырымдылық шара, 8 оқыту семинар өткізілді. Сонымен қатар 10 əйел адамға мамандардың қатысуымен психологиялық кеңес берілді.
Биылғы жылы облыстық деңгейде Арал ауданындағы аналарға арналған екi форум өтті. Осы ретте Арал аудандық аналар кеңесiнiң тɵрайымы, облыстық мəслихат депутаты Лаура Ибраимова барша аналар кеңесiнiң мүшелерiне отбасы құндылықтарын насихаттау мен оны қалыптастыру жолындағы үлестері үшін ризашылығын бiлдiрді.
Айта кетейік, бұған дейін ауданда «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігімен «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық ата-аналар форумы өткен болатын.

