Kyzylorda-news.kz. Ауа райына байланысты жабылған Самара – Шымкент тасжолы қайта ашылды.
«Қазір «Самара – Шымкент» тасжолының 1154 – 1240 шақырымдар аралығымен жеңіл және жүк көліктерінің жүруіне жағдай жасалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Самара – Шымкент тасжолының Ырғыз ауылынан Қызылорданың Арал қаласына қарай 40 шақырымда 60 көлік жиналып қалды. ТЖД шұғыл ескерту жасап, бұл жолдарда жүруге уақытша шектеу қойған болатын.
Кеше кешке Самара – Шымкент тасжолының Ырғыз ауылы қиылысында, яғни, Қарабұтақ ауылына қарай 20 шақырым бойы 200-250 көлік тұрды. Жүк көліктерінің жол жиегіне тұрып қалуынан кептеліс пайда болған.

Тағы да оқыңыз: