Kyzylorda-news.kz Арал ауданына қарасты Аманөткел елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 150 орындық заманауи ауылдық клубтың құрылысы жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындарының мәдени-рухани тыныс-тіршілігін дамытуға бағытталған маңызды нысанның құрылысы 2024 жылдың мамыр айында бастау алған.

Бүгінде нысанның негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі бетон еден төсеніштері мен қабатаралық бетон бөлгіштерін құю жұмыстары сапалы орындалды. Сондай-ақ ғимаратқа сыртқы ауыз су, кәріз және әуе электр желілері жүргізіліп, инженерлік инфрақұрылым толық қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда ішкі әрлеу, сырлау және кафель төсеу жұмыстары толық аяқталып, сыртқы қоршаулар орнату, асфальт және брусчатка төсеу секілді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бас мердігер мекеме – «Жабдықтау» ЖШС.

Ел игілігіне берілетін жаңа ауылдық клуб алдағы уақытта мәдени-көпшілік шаралар орталығына айналып, ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға зор мүмкіндік бермек.

Тұрғындардың жағдайын жақсартуға арналған мұндай игі бастамалар өз жалғасын тауып, халық игілігіне жұмыс жасайтын болады. Аталған нысанда мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына жайлы орта қалыптастыруға септігін тигізеді.

Тағы да оқыңыз: