Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі Жолдауында ең бірінші, елімізге үлкен қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасатынын айтты. Осындай сын уақытта ынтымағы жарасып, бірлесе індетпен күрескен халыққа және дәрігерлермен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы қазіргі күрделі жағдайда тұрған басты міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмау керек екендігін айтты. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделу керек екендігін еске салды.

Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы 2023 жылға дейін жалғасын табатыны айтылды. Әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек деп баса айтты. Осы бағытта Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет екендігін алға тартты.
Азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз деп атап өтті.
Мемлекет басшысы өз жолдауында көптеген маңызды мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет Азаматтардың мүддесін қорғау жолында» заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірден-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтындығын айтты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнінде әділетті мемлекет құру тұжырымдамасы екенін алға тартты. Азаматтардың мәселесін тыңдап қана қоюдан маңызды дұрыс шешім қабылдау екенін еске салды.

Сондай ақ, азаматтардың мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктелеті айтылды. Бұл салаға реформа қажет деді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жүйелілігін алға тартып, жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерістеріне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн деп атап өтті.

Сонымен қатар, жауапқа тартылудан қорыққан шенеуліктерді дербестік, бастамшылдық және жедел әрекет ету қасиеттерінен айырмауға тиіс екендігін айтты.

Сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу тапсырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізуді ұсынды.

Қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек деді. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын Қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеп, қабылдау тапсырылды.

Қоғамдық кеңестердің рөлін арттырып, қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту қажеттігін алға тартты.
Мемлекет басшысы өз жолдауында ауқымды әрі күрделі міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет екендігін айтты.

Ақзада МАДАЛИЕВА,

ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының

Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры

Тағы да оқыңыз: