Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының Төтенше жағдай режиміне байланысты мәлімдемесін толық тыңдап шықтым. Бұл үндеу елімізге енген індеттке қарсы елді бірлік пен сабырлылыққа шақыру болса, екінші жағы бүкіл әлемді жайлап келе жатқан жаппай дағдарысқа қарсы күресудің амал шараларын жария етіп отыр.

Мәлімдемемен танысқан азаматтардың жүрегіне болашаққа деген сенім ұялап, жағымды жаңалықтарға қуандық. Жасыратыны жоқ, «Коронавирус пандемиясы» жайлаған әлемді көріп, ондағы қасіреттер мен ажал құшқандармен хабардар болып, бізде қалай болар екен деп уайымдап оытрған бүкіл қазақ еліне бұл мәлімдеме мемлекет атынан жасалынған зор сенім мен кепілдік деп санаймын.

Мысалға Президенттің үндеуінде 9-10 мәселе атап көрсетілсе, солардың ішінде басты тақырыптары мыналар деген болар едім.

Біріншіден, халықтың әлеуметтік осал топтарына зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектің 10 пайызға индексациялануы оған бөлінген қомақты қаржысы.

Екіншіден, халыққа едәуір жеңілдік жасап, МӘМС жүйесіне сақтандырылмағандарға 1 шілдеге дейін бұрынғы қалпында қызмет алуларына берілген кепілдік.

Үшіншіден, кәсіпкерлер мен шағын орта бизнесті қолдау, шаруа қожалықтарға басымдық берілуі құптарлық жағдай. Сол үшін бюджеттен 70 млрд. теңге көктемгі егіске өзге бағдарламадан 100 млрд. теңге бөлінуі халықтың қол жетпейтін осы кезеңдегі арман мақсаты деуге болады.

Төртіншіден, салықтың түрлеріне жасалынып жатқан жеңілдіктері, сондай-ақ, қазіргі таңдағы уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды, өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендерді қолдауға, яғни, 3 млн адамға ең төменгі орташа жалақы 42500 теңгеден төленетіндігі.

Бесіншіден, соңғы айтатын мәселе нағыз көктем мезгілінде шаруаларға ең қажетті жанар-жағар майдың нарықтық бағадан 15 пайызға төмендетіп, 390 мың тонна жанар майды 165 теңгеден халыққа жеңілдікпен сатылуы дұрыс қабылданған шешім деп есептейміз.

Қадірлі жерлестер! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жаппай індетке қарсы және әлемдік дағдарыстан шығу жолдарын қарастырып жасаған мәлімдемесін бүкіл сырбойылықтар, оның ішінде, жаңақорғандықтар болып қолдайтындығымызды жеткіземін.

Ақылбек ЖӘНІБЕКОВ,

«Nur Otan» партиясының мүшесі,

Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Тағы да оқыңыз: