«Ақшабұлақ»: газ турбиналық электр станциясының жұмысы тұрақты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Ақшабұлақ»: газ турбиналық электр станциясының жұмысы тұрақты

14.01.2020, 15:00

229 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы «Ақшабұлақ» кен орнының газ турбиналық электр станциясында күзгі-қысқы кезеңі апатсыз режимде өтуде.

«2020 жылғы 14 қаңтардағы жедел ақпаратқа сәйкес, «Кристалл Менеджмент» АҚ-ның Ақшабұлақ газтурбиналық электр станциясында №1,2,3 ГТУ газтурбиналық қондырғылары жұмыста электр энергиясын өндіру 95,4 МВт орташа тәуліктік сағаттық қуатты құрайды. Сонымен қатар «Ақшабұлақ», «Ақсай», «Нұралы-1», «Нұралы-2» кен орындарында электр энергиясына қажеттілікті 100%, 50 МВт-тан астам ұлттық электр желісіне беріледі», – делінген ҚР ЭМ АЭҚБК Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің таратқан хабарламасында.

0

Пікір қалдыру