Kyzylorda-news.kz. «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы қызметіне Мөлдір Қалымбет тағайындалды.

2014 жылы Қызылорда облыстық «Ақмешіт жастары» газетінде тілші, 2016-2021 жылдары облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі қызметін атқарған.

ҚР Журналистер одағының мүшесі. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының жастарға табысталатын «Сыр үміті» сыйлығының иегері. Қала әкімдігінің «Ұшқыр қалам» фестивалінде «Жас тілші» номинациясымен марапатталған.

«Түркітілдес журналистер» қоры ұйымдастырған Стамбұл-Солтүстік Кипр Республикасындағы БАҚ өкілдеріне арналған ағылшын, түрік тілдерін оқыту курстарының, семинарларының қатысушысы.

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті жанындағы халықаралық қысқы журналистика мектебінің куәлігімен, халықаралық қысқы журналистика мектебінде «Ең үздік мақала» номинациясымен марапатталған. Облыс әкімінің, облыстық ішкі саясат басқармасының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарын иеленген.

Тағы да оқыңыз: