Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованын тұрғындар алдындағы есебі коронавирус пандемиясымен күресуде облыста атқарылған жұмыстардан басталды. Бұл күрестен Дүние жүзі, соның ішінде біздің елімізде көптеген қиыншылықтарды, сынақтарды бастан өткерді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауында, “коронавирустан күресуде тиісті сабағымызды алып, алдағы уақытта індетті болдырмау үшін жұмыс жасауымыз қажет”деп, атап көрсетті.
Осыған орай, Қызылорда облысында халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуде, ауруханалардың материалдық – техникалық базасын жарақтандыруда біршама жұмыстар атқарылды.
Қызылорда аудандар арасында апатты деп танылған Жалағаш аудандық ауруханасының қолданысқа берілуінің өзі, ауыл медицинасының қолжетімділігін арттырды.
Пандемияның әсерінен облысқа 14 флюро-рентген аппараттары алынған. Жасыратыны жоқ, аталған аппараттарды жаңалау қажеттілігі туындап тұрған болатын.
Президент Жолдауында, “көліктің медицинаны дамыту, соның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына медицинаны жақындату” мәселесі айтылған болатын.
Бұл тұрғыда, облыста 2009 жылы алынған 3 жылжымалы медициналық кешеннің орнын, 2020 жылы жаңа екі жылжымалы кешенмен, 2021 жылы тағы да 3 кешенмен толықтырудың өзі, елді мекен халқына көрсетілетін көмектің жеңілдетеді деп білеміз.
Пандемиямен күресте, облыстың 13311 медицина қызметкері 2,5 млрд үстеме еңбек ақысын алды. Бұл да, облыс басшылығының республика көлемінде бірлесе шешкен мәселесі деп айтуға болады.
2020 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда орналасқан кеңсесімен бірге, облыс әкімшілігінің бірлесе атқарған жұмыстары да бар. Онда, біздің облысымыз үшін, экологиялық зардаптардан туындайтын аурулардың тізімін жасақтап алу.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова аталған Ұйым басшылығымен кездесті. Облыс халқының денсаулығын жіті тексеруде халықаралық ұйымдар мен ғалымдар осы жұмысқа тартылады. 2021 жылы бұл жұмыстар басталады.
Аталған жұмыстар Сыр халқының әлеуметтік көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді деп есептеймін.
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты