Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповскизтің Сыр өңіріндегі жұмыс сапары Шиелі ауданына қарасты Ақмая ауылдық округінде жалғасты. Мұнда халық қалаулылары жергілікті жердегі өзекті мәселелерді көзбен көрді. Парламент қабырғасында халықтың тұрмысын арттыруға бағытталып жатқан жұмыстармен танысытырып, тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Ақмая ауылдық округінде 3000 мыңға жуық тұрғын бар. Жергілікті халық негізінен егін және мал шарушылығымен айналысады. Егістік жерінің басым бөлігі «Батыс-Қытай –Батыс -Еуропа» дәлізінің арғы бетінде қалған ауыл тұрғындары егін мен мал азығын тасмалдағанда көршілес ауданға қарасты ауыл мен аудан орталығанан айналып өтуге мәжбүр болған. Бұлай айналып қатынау уақыттын айтпағанда, жанар – жағар май басқа да шығындар шаш етектен. Кездесу барысында ауыл тұрғындары осы мәселені қайта сөз етті.
Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛ бұл мәселе бойынша жауапты министрліктермен нақты жұмыс жасалғандығын және жақын арада түбегейлі шешімін табатындығын айтып ауыл тұррғындарын қуантып тастады.
Сонымен қатар, жиында жер мәселесі сөз болады. Мәселен ауылы ақсақалы Асқар Жұмаділов ауыл тұрғындарына пай үлесіне берілген жерлер ауылдан өзге қалаға көшіп кеткен азаматтардан қайта аланып, жергілікті халыққа пайдалунаға берілсе дейді.
Жер мәселесіне қатысты Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских түсіндірме жасады.
«AMANAT» партиясы жанынан арнайы «Жер аманаты» атты арнайы жұмысшы тобы құрылды.
Бүгінде осы топ мүшелерімен бірнеше өңірлерде 140 мың га жуық пайдаланаусыз жатқан жайлымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыстар барлық өңірлерде жасалады. Мұнан бөлек, «Жер аманты» атты жедел желісі жұмыс жасайды. Еліміздің кез-келген тұрғыны жедел желіге қосылып, өзінің сауалына жауап ала алады. Алдағы уақытта пайдаланусыз жатқан барлық жерлер мәселесі оң шешілетін болады. Бұл «AMANAT» партиясының тікелей бақылауында тұр»,- деді халық қалаулысы.
Жалпы жиын барысында ауыл тұрғындары жұмыссыздық, әйел азаматтардың зейнет жасына қатысты да сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

