Kyzylorda-news.kz. Егер сіздің жүктілігіңіздің соңғы айлары жаздың ыстық маусымына түссе, сіз ыстыққа байланысты қауіптерге алдын-ала дайындалуыңыз керек. Келесі қарапайым және тиімді кеңестерді ұстануға тырысыңыз.
Сұйықтықты әдеттегідей ішіңіз (күніне 1,5 литр ішкен дұрыс). Сізге сондай-ақ газдалмаған су, салқындатылған шай, аллергенді емес жемістер мен жидектерден жасалған компот ішуге болады. Бірақ, газдалған қанты сусындар, квас, кофе, ананас және шабдалы шырындары (алма мен қайыңнан басқа барлық шырындарға өте сақ болыңыз), сыра (және басқа спирттік ішімдіктер) тұтынбаңыз. Үнемі өзіңізбен бірге бір бөтелке су алып жүріңіз.
Суды ішкеннен бөлек, душ қабылдап, бетіңізді жиі жуыңыз. Бұл салқындауға көмектеседі. Тағы бір маңызды мәселе – термалды су (немесе кішкене бүріккіш бөтелке)! Оны өзіңізбен бірге алып жүріңіз және жиі-жиі бетіңізге су шашыңыз.
Аяқтарыңызға абай болыңыз, себебі олар ыстықта тезірек ісінеді. Күйеуіңізден аяқтарыңызға массаж жасауды сұраңыз және демалу кезінде аяқтарыңызды арнайы жастықшаға қойыңыз.
Тығыз белдіктері жоқ және табиғи материалдан жасалған ыңғайлы ашық аяқ киім киюге тырысыңыз.
Дұрыс киімді таңдаңыз, табиғи маталарға, бос стильдерге, сондай-ақ күн жылуын басатын ашық реңктерге артықшылық беріңіз.
Зергерлік бұйымдардан бас тартыңыз. Егер моншақтар мен сырғалар жай ғана ыңғайсыздық тудырса, жүзіктер үлкен қауіп төндіреді. Өйтккені ыстықтан саусақтар ісініп, қатты ауырады.
Күндіз ыстық күнге шықпауға тырысыңыз, ал таңертең және кешке күннен қорғайтын құралдарды қолданыңыз. Есіңізде болсын, жүктілік кезінде тері әдеттегі уақытқа қарағанда тезірек тотығады.