Kyzylorda-news.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Қуаныш Ахметқалиевтің қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Қызылорда облысының картасына агроөнеркәсіптік кешен, жер, жолдар және инфрақұрылым, әлеуметтік сала, бизнес, сейсмикалық қауіпсіздік және т.б. салалар енгізілген.
Ағымдағы жылғы Департаментпен сыбайлас жемқорлық тауекелдерін анықтау мақсатында 2 сыртқы талдау және 3 мониторинг жүргізілді, олардың нәтижесі бойынша 42 ұсыныс енгізілді.
Қуаныш Ахметқалиев картада көрсетілген әрбір сала бойынша Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Департаментпен тұрғын үй сатып алу саласына сыртқы талдау жүргізіліп, нәтижесімен бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған.
Атап айтқанда, Қызылорда қалалық құрылыс бөлімімен таза әрлеу жұмыстары аяқталмаған пәтерлерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттары негізінде сатып алу фактілері анықталып, нәтижесінде 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Мердігер ұйым мен авторлық қадағалау сарапшысына 2,4 млн теңге, ал тапсырыс берушіге 530 820 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Департаментің әкімдікпен бірлесе жүзеге асырылған алдын алу шараларының нәтижесінде Сырдария ауданы, Бесарық ауылында, Қармақшы ауданы Ақай ауылында және Жалағаш кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып, толықтай пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде 700-ден астам баланың заманауи спорт үйірмелеріне қатысуына мүмкіндік жасады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Біріңғай сатып алу терезесі» порталына жүргізілген мониторинг мониторинг жүргізу арқылы 680 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеді. Мысалы, Қармақшы ауданында спорт кешеніне арналған суық ангарды сатып алу жоспары қайта қаралып, 134,5 млн. теңге көлеміндегі қаржы үнемделді.
Антикор өз қызметін басқа да мемлекеттік органдармен, қоғаммен және халықпен бірлесіп жалғастыратын болады.1424 Call-орталығымыз азаматтарға тегін ақпараттық– констультациялық қолдау көрсетеді.