**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана -мәдениетті ұлт» жобасы аясында ақпараттық – насихаттық жұмыстары Тартоғай ауылында жалғасты. Оған Майлытоғай, Ботабай және Тартоғай ауылдарынан 40 шақты аналар, жас келіндер қатысты.** Кездесуде балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлі, атап айтқанда, қыздар тәрбиесінің осалдығы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, нәзік жандылардың саяси белсенділігін арттыру сияқты тақырыптар қозғалды. Қазіргі таңда отбасы беделі жоғалуда. Отбасы құндылықтарының ықпалы азая түсуде. Оған дәлел жастардың арасында ажырасудың көбеюі, жастардың батыс тәжірибесімен тіркелмеген некеде тұруы, отбасы жасын құрудың ұлғаюы. Жалғызбасты ана мен әкенің көбеюі, осының барлығы ұлт тағдырына әсері зор деді Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова. > «Бүгінгі таңда ауылдық жерлердегі нәзік жандылардың саяси белсенділігін арттыру аса маңызды. Олардың білім-білігі мен қарым-қабілетін елдік істерге жұмсауға мүмкіндік беру, ана мен баланы әлеуметтік тұрғыда қолдау, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу, отбасы институтын күшейту. Мұндай игі істер өз кезегінде мемлекеттің дамуын одан әрі нығайтып, озық елдер қатарына қосылуға жол ашады» – деп атап өтті облыстық мәслихаттың депутаты Аида Абибуллаева. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/299919084_3281548125497678_363312851424003132_n.jpg)