Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы мониторингтік топтың жұмысы жоспарлы түрде жалғасын табуда. Осыған орай, Қазалы ауданының бірқатар сауда орталықтары мен дәріханаларында және жанармай бекеттерінде мониторинг жұмыстары жүргізілді. Партия филиалы жанындағы мониторингтік топ ең алдымен, дәріханаларда дәрілердің шектік бағасы мен қолжетімділігін назарға алды.

Мұнан соң жұмысшы топ сауда орындарында әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасын зерделеп, бағаны негізсіз көтермеу туралы кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жасады. Сондай-ақ, мониторинг барысында жанармайдың жеткілікті болуы және оның бағасын білу мақсатында жұмыс тобы май құю бекеттерінде болды.

Адалдық отбасылық мұратқа жеткізеді

«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Кәукей ауылы» бастауыш партия ұйымында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында кездесу өтті.

Партия отбасы институтын нығайтуға және оның қоғамдағы рөлін арттыруға мүдделі. Бұл жөнінде аудандық партия филиалының «Кәукей ауылы» бастауыш партия ұйымында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткен көп балалы аналар қауымымен кездесуде айтылды.

Жиында отбасылық мұратқа адалдық пен мызғымас ортақ ұлттық құндылықтарды нығайту жөнінде талқыланып, қатысушылар бір-бірімізге қамкөңіл болу, үлкенді құрметтеу, еңбекқор болу және білім алуға ұмтылу ұғымдары отбасында қалыптасатындығына тоқталды. Сондай-ақ, келелі кездесуде ұлттық тәрбие , бала тәрбиесі туралы сөз қозғалды.

Қолайлы орта қалыптастыру – өмір сапасын арттырады

«AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Әйтеке би кентіндегі бірқатар мекемелерде мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мұндағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандар үшін бейімділігін бақылап, оларға қолайлы орта қалыптастыру арқылы өмір сапасын арттыру.

Мониторинг тобы ең алдымен, білім беру орындарында болып, ерекше қажеттілігі бар жандардың кез келген жерге кедергісіз кіріп-шығуы аса маңызды мәселе екендігін айтты. Мұнан соң, нысандардың талапқа сай жабдықталуын қарап, пандустардың бар-жоғын анықтады. Зерделеу нәтижесінде, бірқатар мекеме басшыларына орын алған кемшіліктерді белгіленген мерзімде ретке келтіру керектігі айтылды.

Айта кетейік, мониторинг жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі – Өмірбек Кетебай және аудандық партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева қатысты.

Қоршаған ортаны таза ұстау – ұрпақ парызы

Жуырда Қазалы ауданы орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «TazaLike» жобалары аясында белсенді партия мүшелерімен бірге сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында өткізілген сенбілікке қатысқан аманаттықтар «Даңқ аллеясында» болып, қажетті құрал-саймандарымен ел азаттығын қорғау жолында мерт болған жандарға арналған ескерткіштің маңын қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, саябақ ішіндегі басқа да аумақтарды және арық-атыздары мен жаяу жүргіншілер жолының бойындағы бей-берекетсіз шашылған заттарды жинап, тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты.

Еске сала кетейік, «TazaLike» партиялық жобасы өткен жылдың 1-наурызында өткен партияның XXII Съезінде жарияланған болатын. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану пайымын дамыту болып табылады.

Жастар түнгі рейд жұмыстарына қатысты

Қазалы ауданында құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында арнайы топ түнгі рейд жұмыстарын жалғастыруда. «Жастар» бастауыш партия ұйымының мүшелері арнайы топ құрамымен бұл жұмыстарға қатысты. Топ құрамы аудан орталығындағы жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарға барды. Атап айтқанда, орталық стадион, спорт алаңдары, тойханалар мен мейрамханаларға және ойын-сауық орталықтары, компьютер, бильярд клубтарында болып, жастар мен жасөпірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2023-05-12 at 17.43.36 (1).jpeg

Тағы да оқыңыз: