Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының халық арасында кеңінен сұранысқа ие жобалардың бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасы. Аталған жоба екі жылдан аз уақыт ішінде Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру және «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды бөлігіне айналды. Партияның көмегімен 780 мың отандасымыздың қаржылық сауаты жақсарды.

Жиында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов халықтың қаржылық сауатын арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» жобасы елдегі жаңа саяси мәдениеттің үлгісіне айналғанын және жобаны табысты жүзеге асыру мақсатында партия, Парламент, Үкімет, жергілікті билік органдары, қаржы секторының өкілдері мен белсенді азаматтар бірлесіп жұмыс істегендігін атап өтті.

Жалпы жоба аясында ағымдағы жылы Сыр өңірінен 11 мың азаматты оқыту жоспарланып, 11215 азамат қаржылық сауаттылығын арттыру курсынан өтті.

Осындай оку курсының нәтижесінде еліміз бойынша жобаға қатысушылардың 40%-дан астамы – қарыз жүктемесін, 70%-ы – ай сайынғы несие төлем мөлшерін, ал 41%-ы – несиелердің жалпы санын азайтты. Сондай-ақ, жазғы каникул кезінде «Қарызсыз қоғам» сарапшылары мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының 7,5 мың ұстазын қаржылық сауатты арттыру әдістемесіне оқытты. Биыл 500 мыңнан астам оқушы мен 100 мың студент білім алды. Осы шараның барлығы мемлекеттің араласуымен проблемалық несиелер үлесін 18%-дан 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың және партияның үйлесімді, командалық жұмысының нәтижесі екенін атап өтті, Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Төрағасы «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту қажет екеніне тоқталды. Атап айтқанда, жоба аясында қаржылық интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, бизнесті дамыту, тұрғын үй алу, білім алу сияқты мемлекеттік қаржылай қолдау бағдарламалары арқылы ұсынылатын жаңа қаржылық құралдарды үйрету бағыттары қарастырылуға тиіс.

Іс - шарада өңірлерде азаматтарды оқытуға тікелей атсалысып, белсенді қолдау көрсеткен менторлар мен жоба сарапшыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталған болатын. Сыр өңірінен ментор Балдырған Мамен «Адал еңбегі үшін» төс белгімен марапатталды. 

Тағы да оқыңыз: