Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасында инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту мақсатында тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту арқылы, оның ішінде: тұрғын үй, таза ауыз су, жылу, энергия және жолдарды жаңғыртуға ықпал етіп, азаматтардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету басты назарда.
Осы орайда бүгін партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова және облыстық филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің мүшелері жылу желілері бойынша жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді.
Аманаттықтар Қызылорда қаласындағы Желтоқсан және Есенов пен Бектұрғанов көшелерінде жасалып жатқан жұмыстарды зерделеп, мердігерлермен пікірлесті.
Желтоқсан көшесінде Дм 273мм жер асты құбырларына монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал Есенов пен Бектұрғановта №23 жылжымайтын тірекке 4 бірлік темірбетонды эстакада іргетасы орнатылған. Дм 108мм жер асты құбырларына монтаж жұмыстары жасалуда.
“Ктэц” МКК жылу желілері филиалының директоры Хасен Иманғалиевтың айтуынша жөндеу жұмыстарына ешқандай кедергі жоқ. Барлық шаруалар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Мониторинг барысында Атқарушы хатшы сапаға ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.
«Алдағы жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз ету қажет. Жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталуы мен техникалық талаптарға сай орындалуы – тұрғындардың жайлы тұрмысының кепілі.Бұл бағыттағы жұмыстар партияның тұрақты бақылауда болады.»,- деді Ләйлә Төрешова мердігерлерге.
Қызылорда қаласының жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында бюджет есебінен жоба құны 7 403,9 млн.теңгеге 6 жоба бойынша жалпы ұзындығы 8,7 км құрайтын жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады, қәзіргі таңда мердігер мекемелер анықталды. Сонымен қатар Кәсіпорын қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 3,9 км диаметрі 57-325 мм құрайтын кварталаралық жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары 30,8 млн теңгеге жоспарлануда. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 42,3 пайыздан 39,7 пайызға төмендейді.