Фото: egemen.kz

Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы шалғай елді мекен тұрғындарының түйіткілді мәселелері, ұсыныс-пікірлерін жеткізуге қала, аудан орталықтарына келіп әуре - сараңға түспесі үшін арнайы мобильді қабылдаулар және фракция мүшелерінің көшпелі қабылдауларын ұйымдастырып келеді. 

Осындай Арал аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Батыржан Ұзақовпен болған көшпелі қабылдауда Жетес би ауылдық округінің тұрғындары округке қарасты Райым ауылындағы көшелердің жарық шамдары түгелдей жанып кеткенін айтып, қалпына келтіруге көмек сұрған болатын.

Мәселені фракция мүшесі назарға алып, шешімін табуына ықпал ететіндігін айтқан болатын. Ауыл тұрғындарының өтініші жерде қалмады. Әрбір азаматтың ұсыныс пікірі маңызды екенін ескерген фракция мүшесі өз қаржысы және жергілікті кәсіпкер А. Жолмырзаеваның демеушілік есебінен 35 жарықшам көмек ретінде алып, ауыл әкімдігіне монтаж жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берді. Нәтижесінде, Райым ауылының кірме және ауыл ішілік көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, толық іске қосылды.

Бүгінгі күні ауыл тұрғындары түнгі мезгілде жүріп-тұруға қолайлы жағдай қалыптастырып, істің оңтайлы шешілуіне жұмыс жасап, демеуші қарастырып, соңына дейін жеткізіп, жақсы нәтижемен аяқтаған аманттық депутатқа ауыл тұрғындары шексіз ризашлықтарын білдіруде.

Тағы да оқыңыз: