Kyzylorda-news.kz Республика күні – бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттырып, халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын ең ұлық мереке.

Егемендікке қол жеткізуді аңсап, өмірін күреспен өткізген ата-бабаларымыздың асыл арманы Тәуелсіздігімізді баянды ету  бүгінгі ұрпақ үшін жауапкершілігі зор міндет.

Ұлттық мереке қарсаңында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Республика күніне орай аймағымыздың, партияның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген белсенді партияластарымызбен кездесті.

Басқосуда партия филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы:

– Бұл мерекені біз біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, баршамыздың туған елімізге адал ниетіміздің нәтижелі нышаны деп білеміз. Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріліп, кең көлемде тойлануда. Өз кезегінде тарихи және идеологиялық мәні мен мазмұны терең айтулы күннің еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет жасайтын, елеулі істер мен ізгі бастамаларды жалғастыратын барша жерлестеріміздің отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастыратыны сөзсіз,-деді.

Мерекелік шарада партия Төрағасы Е.Қошановтың «Алғыс хаты» мен «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медалі мен «Құрмет грамотасы», аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың және партия филиалының төрағасы А.Есмахановтың «Алғыс хатымен» белсенді партия мүшелері марапатталды.

Сондай-ақ, шарада партия қатарына қабылдан жаңа мүшелерге партиялық билет табысталды.

9d756542-df7c-4360-8a28-f480a2d31dde.jpgafac0b44-669a-4357-84fb-3d6ced721166.jpg

Тағы да оқыңыз: