Kyzylorda-news.kz. Жексенбі күні өткен Қазалы ауданының Шәкен ауылдық округі, Қармақшы ауданының Алдашбай ахун және Жаңақорғанның Қыркеңсе ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, сайлаушылар өздері қалаған кандидаттарына дауыс берді.
Дауыс беру нәтижелері негізінде аталған үш ауылда да “AMANAT” партиясынан ұсынылған үміткерлер жеңіске жетті.
Шәкен ауылына Сарсенбаев Берекет Жұбанышбайұлы ауыл әкімі болып сайланса, Алдашбай ахун ауылынан Жақанов Ермек Молдабекұлы көп дауыс иеленді. Сондай-ақ қыркеңселіктердің қалауымен Абдраимов Тәттімбет Тұрғалиұлы ауыл әкіміне лайық деп