«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады.
Жеке қабылдауға келушілердің бірі көпбалалы ана 12 жыл бұрын баспанасының болмауына байланысты балаларын патронаттық қамқорлыққа бергенін айтып, қазіргі таңда тұрғын үйге кезекке тұра алмауына байланысты уақытша баспана алуға көмек сұрады.
Аталған мәселе бойынша Қызылорда қаласының әкіміне жазбаша өтініші жолданып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетіні түсіндірілді. Сонымен қатар өтініш иесіне мәселенің қаралу барысы бақылауда болатыны жеткізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында филиал төрағасы әрбір тұрғынның мәселесі назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, көтерілген өтініштер бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
