Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Аида Абибуллаева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау мен тұрмыстық мәселелерге қатысты өтініштерін жеткізді. 

Фракция мүшесі барлық көтерілген мәселелерді назарға алып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді.

Сондай-ақ, азаматтардың өтініштері бойынша Қызылорда қаласы әкімдігіне хат жолданатыны және қаржылай көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылатыны айтылды. Кейбір мәселелер сол мезетте оңтайлы шешімін тапты.

Тағы да оқыңыз: