Kyzylorda-news.kz  Облыстық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,  мәслихаттағы Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері,  тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.

Кеңеңс отырысында «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкес Мырзабек хабарлама жасады.
Басқарма басшысының хабарламасынан кейін фракция мүшелері бірқатар сауалдар көтеріп, аталған мәселе бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Басқарма басшысы көтерілген сұрақтарға  тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында толыққанды жауаптар берілетіндігін жеткізді.  Сондай-ақ, депутаттар тарапынан бюджет қаржысы тиімді және нәтижелі жұмсалуы керектігі баса айтылды.

Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселені тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.

Аманат тұрақты комиссия отырысы 4.jpg

Тағы да оқыңыз: