Kyzylorda-news.kz Бүгін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары  Мырзабеков Марат Салқадинұлы “AMANAT” партиясының алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында  құрылыс жобаларының сапасын бақылау құрылыс учаскелерінде, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету  жолдары, тұрғындардың пәтерге немесе жеке үйлерге қолжетімділігін арттыруға  қатысты мәселелер талқыланды.

Марат Мырзабеков  құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау үшін арнайы техникалық инспекциялар мен аудиттер тұрақты түрде өткізіліп келе жатқанын түсіндірді, сонымен қатар құрылыс алаңдарында барлық қауіпсіздік стандарттары қатаң сақталатынын,  қызметкерлерге арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтары беріліп, қорғаныс құралдары міндетті түрде қолданылатынын жеткізсе, қазіргі таңда тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған бірнеше мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі бағдарламалар жұмыс істейтіні туралы жан-жақты  ақпаратпен таныстырды.  

Тағы да оқыңыз: