Kyzylorda-news.kz Кеше өңірде «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен оқу семинары басталған болатын. Жергілікті жерлерде кәсіби әрі тиімді басқарушы буынды қалыптастыруға бағытталған модульдік оқудың бүгін екінші күні. 

Бағдарлама аясында қатысушылар төмендегі 6 модуль бойынша заманауи саяси және басқарушылық үдерістің негізгі бағыттарын меңгеруде. 

Модульдер атауы мен лекторлар: 

  • 1-модуль. «Жеке көшбасшылық және құндылық бағдары» бойынша. Лектор - «Тұран-Астана» университетінің доценті, PhD-докторы Жумабекова Гаухар Айтпекқызы;
  • 2-модуль. «Өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуын басқару» бойынша. Лектор - Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директоры Нұрболат Құрметұлы; 
  • 3-модуль. «Даму үшін салықтар: түсім базасынан жергілікті нәтижеге дейін». Лектор - «AMANAT» партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясының штаттан тыс тренері Дулатов Нұрлан Дулатұлы; 
  • 4-модуль. «Бюджет вертикаль: республикадан ауылға дейін». Лектор - облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрайымы Шәменова Балжан Мөрәліқызы; 
  • 5-модуль. «Халықпен және командамен тиімді коммуникациялар»тақырыбында. Лектор - AlmaU университетінің штаттан тыс тренері, танымал журналист Оңғар Салтанат; 
  • 6-модуль. «Саяси науқандар: позициялаудан сенім мен қолдауға дейін». Лектор - «AMANAT» партиясы Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Нұрахметханова Гүлнар Сейтказықызы.

Аталған білім беру бағдарламасы көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, стратегиялық ойлау, басқару және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Оқуға облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, партияның аймақтық және аумақтық филиалдары қызметкерлері, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері қатысуда. 

Тағы да оқыңыз: