Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастырумен «Таза бейсенбі» акциясы өтті.
Акция мақсаты — тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жердің тазалығына, көркеюіне үлес қосуға шақыру.
Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты, депутаттық фракция мүшесі Марат Асылов тазалық — тек қоқыс жинау емес, ол — мәдениет пен сана көрінісі екенін атап өтті.
«Біз табиғатты аялау арқылы өзіміздің болашағымызға қамқорлық жасаймыз. Бүгінгідей игі шаралар адамдарды біріктіріп, қоғамда экологиялық жауапкершілікті күшейтеді. Әрбір азамат ар тазалығы мен табиғатқа деген жанашырлықты қатар ұстана білсе, біз нағыз таза, жайлы, өркендеген ортада өмір сүріп қана қоймай, болашақ ұрпақ алдындағы парызмызды өтейміз. Мемлекет басшысы айтқандай «Таза Қазақстан» бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымызға айналуы тиіс. «Таза бейсенбі» акциясы — осы қоршаған ортаға қамқорлық танытудың нақты көрінісі»,- деді Марат Асылов.
Акция аясында Жосалы кентінің орталығындағы «Жастар саябағында» кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді. Қураған шөптер шабылып, қоқыстардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалыққа ауданның 50-ге жуық партия мүшелері мен ерікті жастар белсенді атсалысып, 500 кг астам, қоқыстар жинады.
