Kyzylorda-news.kz ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елеманов Асқар Сейдекәрімұлы партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.
Қабылдауға қатысқан азаматтар мүлік салығын төлеу мерзімі, банкроттық рәсімі және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тақырыптарын қозғады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың мүліктері бойынша салықтар жылына бір рет төлем жүргізуге жатады. Оңайлатылған салық декларациясы және басқа да режимдер біріктіріліп бөлшек салықтың арнаулы салық режимі негізінде жұмыс жасау көзделуде. Қолданыстағы Заңға сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану талаптарына сәйкес жалпы қарызы 6 291 мың тг (1600 АЕК) асу қажет. Сонымен қатар, енгізілген өзгерістерге сәйкес 12 ай борышты өтемеу мерзімі алынып тасталды.
Банкроттыққа өтудің алғышарттары мен қажетті құжаттар тізімі айтылды. Сонымен қатар, банкроттыққа өтудің салдары туралы, оның ішінде, 5 жыл көлемінде еш бір несие алуға мүмкіндігі болмайтыны жеткізілді.