Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтіп, онда жастар денсаулығы орталықтарының жұмысын нығайту және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу туралы қаралып, талқыланды.
Жиынға өңірден бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, аймақтық кеңестің мүшелері мен жауапты басқарма өкілдері қатысты.
Бүгінгі күні облысымызда 839 388 адам өмір сүруде, оның ішінде 14-28 жас аралығындағы жастардың саны 167 739, бұл тұрғындардың 20%-ын құрайды.
2025 жылдың 6 айында Жастар денсаулығы орталығына жүгінген жастардың саны – 26831. Ағымдағы жылдың 6 айында 504 адам (3,7%) (2024 ж.- 397) тұрғылықты жері бойынша жергілікті емханаларда сауықтырылған.
Психологиясы әлі толық қалыптасып үлгірмеген жастарға түрлі аурулар, жұмыссыздық, әлеуметтік күйзелістер қатты әсер етіп, түрлі жағдайларға баруы мүмкін. Сондықтан да жастар денсаулық орталығында күйзеліс жағдайындағы жастардың хабарласуына арналған «Қызу желі» ұйымдастырылған. «Қызу желінің» байланыс телефоны - 8 800 080 22 26.

