Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының қоғамдағы айшықты орнын нақтылап, халықпен жүйелі жұмыс атқарып, партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобалардың іске асуына бастауыш партия ұйымдары ықпал етуде. Бүгінде партияның қалалық филиалына қарасты 40 бастауыш партия ұйымы жүйелі жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы филиалға қарасты барлық бастауыш партия ұйымдары өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беруді бастады.
Партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаев пен партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы Мұсаева әрбір бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары бойынша тиісті бағасын беріп, алдағы жұмыс жоспарын талқылады.
Бүгін есеп беру жиынына «Халық», «Сыр сұлуы», «Тұран», «Мейірім», «Шипагер», «Талсуат», «Шапағат» бастауыш партия ұйымдарының 2023 жылы атқарған жұмыстары тыңдалды.
Бастауыш партия ұйымдары «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Kitap-AMANAT», «TazaLike» жобалары аясында нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Есеп беру жиналысында партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаев: партияның әр мүшесі өздеріне көрсетілетін қамқорлықты, қолдауды сезінуі қажет. Сондықтан, қаладағы топтық ұйымдардың басшысы, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары ретінде сіздерге жүктелген жауапкершілік жүгі ауқымды. Біз партия тарапынан белсенді партия мүшелеріне қолдау көрсетіп, еңбегін бағалап түрлі марапаттарға ұсынамыз. Сонымен қатар, әр партия мүшесінің өмірінде орын алған мәселелерге байланысты партия, бастауыш партия ұйымдары тарапынан қолдау болуы қажет, - деді.
«AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалына қарасты 40 бастауыш партия ұйымы бар
Қоғам
02.05.2024 17:51
