Kyzylorda-news.kz. 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясының мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтауда. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға ұрпаққа қамқорлық көрсету - партияның басым бағыттарының бірі.

Бүгін 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев бірқатар партияластармен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобаберген майдангерге құрмет көрсетті.

Майдангердің шаңырағына арнайы барған аманаттықтар «AMANAT» партиясының мерекелік құттықтау хатын табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Ал майдангер бейбітшілік – ұлы құндылық екенін, баға жетпес байлық екенін айтып, өз алғысын білдіріп, батасын берді.

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Бүгін партия филиалы жанындағы мониторингтік тобы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының тұрақтылығын, дәрі-дәрмектердің қамтылуын және жанар-жағар май бекеттерінде бағаның шектік деңгейіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері ең алдымен ірі сауда орындарының сөрелерінде орналасқан халық көп тұтынатын тауарларлардың бағасын көріп, кәсіпкерлерге баға тұрақтылығын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасады.

Мұнан соң бірқатар май құю бекеттерінде болып, жанармайдың қазіргі сатылымдағы бағасын, сондай-ақ, дәріханаларда тұрғындар жиі тұтынатын дәрі-дәрмектер бағасының қалыпты әрі қоры жеткілікті екенін анықтады.

Тағы да оқыңыз: