Kyzylorda-news.kz  Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Шиелі ауданында арнайы жұмыс сапармен болды.

Төраға ең алдымен аудан әкімі Айтбай Жандарбековпен кездесіп, ауданда партияның жобалары мен сайлауалды бағдарламасының орындалуы және жақында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында Президент жүктеген міндеттерді іске асыру мәселелерін талқылады.

Аудан басшысы Айтбай Жандарбеков әкімдікке «AMANAT» партиясынан ұсынылған. Ол кездесу барысында өзінің және партияның сайлауалды бағдарламасының аудан көлемінде орындалу деңгейі туралы кеңінен ақпарат берді.

«Ауданда «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» жобалары қарқынды жүзеге асырылуда. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ағымдағы жылдың ақпан айында жалпы соммасы 259,7 млн.теңгені құрайтын 38 жоба қаржыландырылды. Қыркүйек айында 16 жоба ұсынылып, 10-ы қолдау тапты. Сонымен қатар, қазан айында комиссияға 26 жоба ұсынылып, 20 жоба мақұлданып отыр. Бүгінгі күні жобаларға қаражат аудару жұмыстары толығымен аяқталды. «Жер аманаты» жобасы шеңберінде биылға жоспарланған 4000 гектар артығымен, яғни 6900 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сайлауалды бағдарламада жоспарланған 54 іс-шараның 40 орындалды. Қалғаны орындалу үстінде. Жоспарға сәйкес орындалмау қауіпі бар шаралар жоқ», - деді Айтбай Жандарбеков.

Келелі кездесуде төраға Жандос Базартай партияның мақсат – міндеттері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Тағы да оқыңыз: