Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында «AMANAT» партиясының қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынды партия филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев жүргізді.
Конференция жұмысына партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық және қалалық мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Басқосуда күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, партияның қалалық филиалының жыл басынан бері атқарған жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.
Жиын барысында партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева «Ауыл аманаты», «Кедергісіз келешек», «Құқықтық көмек», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» және басқа да жобаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.
Жалпы партия филиалы тарапынан «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы негізіндегі Жол картасының орындалуы ұдайы бақылауда.
Жыл басынан Қызылорда қаласына қатысты 72 шараның 17-і орындалды. Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Жол картасы аясындағы нысандарды үнемі бақылап, сапалы аяқталуын қадағалап отырады.
Филиал төрағасы Ибадулла Құттықожаев өз сөзінде партияның қоғамдық бастамалары халықтың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ фракция мүшелерін белсенділік танытып, тұрғындармен кері байланысты күшейтуге, атқарылған жұмыстарды халық арасында кеңінен насихаттауға шақырды.
Өз кезегінде сөз алған партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партияның қалалық филиалымен атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, партияның ел өміріндегі рөлін арттыру, әрбір мүшенің жауапкершілігін күшейту және алдағы міндеттер жөнінде атап өтті.

