Kyzylorda-news.kz Жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясы дәстүрлі «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлайды.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл іс-шара биыл 11-30 тамыз аралығында өткізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету.

Іс-шараға партияның Орталық аппараты мен өңірлік және аумақтық филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және белсенді азаматтар қатысады. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер де қаржылай және материалдық көмек көрсетеді.

Акция барысында 45 мыңнан астам оқушыға мектеп формасы, оқу құралдары және кеңсе тауарларымен жабдықталған сөмкелер табысталады. Бұл – тек материалдық көмек қана емес, әр баланың жүрегіне мейірім мен шабыт ұялату, жаңа оқу жылын толық дайындықпен қарсы алуға мүмкіндік беру.

Айта кетейік, биыл аталған акция 16-шы рет ұйымдастырылып отыр.

Тағы да оқыңыз: