Kyzylorda-news.kz. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудан орталығында «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы жүргізілді. Бұл туралы «Amanat» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Акцияның мақсаты – аудан аумағындағы ашық жатқан люктерге, балалар ойнайтын аулалардың, мектепке баратын жолдардың қозғалыс қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу.
Құрылған топ зерделеу жұмыстарын ашық люктердің болмауы және мектеп жанындағы қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бастап, бақылау жасады. Бақылау нәтижесінде Қарасақал Ерімбет көшесінің бойындағы люктердің ашық жатқандығы және бірқатар көшелерде жаяу жүргінші жолақтарының болмауы анықталды. Сондай-ақ, нысан қызметкерлерінің тарапынан жылдамдық бәсеңдеткіштердің орналасуы бойынша тиісті ұсыныстар айтылды. Мониторинг жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер мен ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Айта кетейік, атал5ан жұмыстарға аудандық партия филиалының, аудандық білім, төтенше жағдайлар және полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
