Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық балықау Комитетінің Павлодар облысында көшпелі отырысы өтті.
Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының өңірдегі орындалуы талқыланған жиынға «Zoom» платформасы арқылы барлық өңірлер қосылды. Сыр өңірінен партияның облыстық филиалының атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы жауапты басқарма басшылары қатысты.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасына мониторинг ұйымдастырылған. Облыс бойынша ұсынылған есепті талдау бойынша 2025 жылы 110 тармақтың 20 орындалды, 87 орындалуда.
Атап айтқанда, Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарында спорт кешенінің құрылыстары аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. «Жер аманаты» жобасы бойынша биылға жоспарланған 60,0 мың гектардың бүгінге 33,4 мың гектар (жылдық жоспардың 55,6%) қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 млрд. теңгеге 376 жоба несиелендірілді.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3300 орындық 7 мектеп пайдалануға берілді. 2 елді мекен газбен қамтамасыз етіліп, 3,7 мың адам көгілдір отын игілігін көре бастады. Халық игілігіне бағытталған жұмыстар жоспарға сай жүзеге асуда.