Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.

  Комиссия отырысын Н.Бақытбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары және кеңес мүшелері мен партиялық бақылау комиссиясы мүшелері қатысты.

 Кездесуде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ибрагим, «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы Мұрат Әбсұлтанов қатысып, баяндама жасады.

    – Қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Ол үшін бюджеттің барлық көзінен 15 080,3 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, қала аумағындағы ұзындығы 53 шақырымды құрайтын 50 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарына 4 521,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда 46 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 4 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, тамыз айында қаладағы 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 261,7 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жол құрылыстарының сапасын бақылау мақсатында жыл басында ШЖҚ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-мен 35,0 млн. теңгеге шарт жасалып, зертханалық тексеру жұмыстары жүргізіліп келеді, – деді Мұрат Әбсұлтанов.

 Сонымен қатар басқосуда «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының басшысы Ерболат Көштаев, «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалыдиректорының орынбасары Шанжархан Мырзабай, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарамасының бөлім басшысы Нұржан Мамбетияров қатысып, пікір алмасты.

Жол инфрақұрылымы – ел экономикасының дамуына ықпал ететін негізгі сала. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі автожол құрылысына, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай, өңірімізде жол сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Одан әрі Желтоқсан және Қорқыт Ата көшелерінде құбырлардың бір бөлігін ауыстыру жұмыстарына мониторинг жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: